Қазiргi таңда елiмiзде коронавирус дертiн жұқтырушылар саны күннен-күнге артып, эпидемиологиялық ахуал күн өткен сайын нашарлап бара жатыр.
Осы мәселеге орай, кешегi аптада облыс аумағында 19 шiлдеге дейiн күшейтiлген карантин режимi енгiзiлдi. Бұл шара жергiлiктi атқарушы органдар арқылы қатаң бақылауға алынып, тиiстi шаралар атқарылуда.
Апта барысында аудан әкiмi Қ.Жолдыбай карантиндiк режимнiң қатаңдатылуына байланысты халық көп шоғырланатын нысандарды аралады. Аудан басшысы елiмiздiң бас санитарлық дәрiгерiнiң қаулысына сәйкес, жұмысы уақытша тоқтатылған және қауiпсiздiк шараларын сақтай отырып, бекiтiлген уақыт тәртiбiмен жұмыс жасап жатқан сауда орындарының, тамақтануға арналған жайлардың және басқа да объектiлердiң аталған ереженi сақтап отырғанына көз жеткiздi.
Сонымен қатар, дәрi-дәрмек тапшылығы бойынша дәрiханаларға арнайы барып, өзектi мәселенi шешу жолы және баға тұрақтылығын сақтау үкiмет тарапынан қолға алынғанын айтты. Сондай-ақ, аудан басшысы тұрғындарға бетперде кию режимiн сақтауды айтып, карантиндiк режимдi бұзғандарға үлкен көлемде айыппұл салынатындығын ескерттi.
Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.