Өткен аптада аудан әкiмдiгiнiң ұйымдастыруымен арнайы құрылған мобильдi топ дәрiханалардағы дәрi-дәрмектiң жетiспеуi және баға тұрақтылығын сақтау бойынша рейд жүргiздi.

Рейд барысында қазiргi уақытта науқастарға қажеттi дәрi-дәрмектiң тапшылығы анықталып, аудан әкiмдiгi тарапынан дәрiханаларға тауар жеткiзушi фирмалардан қажеттiлiгi бойынша тиiстi көлемде дәрi-дәрмек жеткiзу жұмыстары ұйымдастырылуда. Оларға республика аумағында бекiтiлген дәрiлердiң бағасының сақталуы бойынша түсiндiрме жұмысы жүргiзiлiп, бағаны негiзсiз көтерген жағдайда үлкен көлемде айыппұл салынатындығы ескертiлдi.

Сонымен қатар, Түркiстан облысында дәрi-дәрмек бағасының тұрақтылығын сақтау, тексеру үшiн сыбайлас жемқорлыққа қарсы және арнайы «Түркiстан – адалдық алаңы» құрылғандығы, дәрiханаларда орын алған келеңсiздiктер жайлы немесе қандай да бiр сауалы болса кез келген азамат өз шағымын WhatsApp әлеуметтiк желiсi арқылы жiбере алатындығы атап өтiлдi.

 Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.