Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуiнде  елдегi COVID-19 пандемиясынан көз жұмған жандардың жақындарына көңiл айтып, 2020 жылдың 13 шiлдесiн Жалпыұлттық аза тұту күнi етiп жариялаған болатын.

Аталған азалы күнге орай қала орталығындағы «Шежiре» саябағында орнатылған көк ту төмен түсiрiлдi. Осы күнi мемлекеттiк қызметкерлер жаппай ғимарат алдына шығып, қаралы лента тағып, пандемиядан қаза тапқандарды бiр минуттық үнсiздiкпен еске алды.

Дауасыз дерттен көз жұмған Отандастарымыздың рухы шат болсын.

*  *   *

Елiмiзде коронавирус инфекциясы тарала бастаған сәттен аудандық орталық аурухананың дәрiгерлерi мен медбикелерi iндеттiң алдын алу шараларын, үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзiп, үй аралап, ескертулер жасап, брошуралар таратты. Қорғаныс шараларын толық ұстану, адамдар көп шоғырланған жерлерге бармау, арақашықтықты сақтау жөнiнде халыққа кеңiнен түсiндiрдi.

Соның нәтижесiнде, наурыз айынан бастап атқарылған зерттеу, зерделеу нәтижесiнде тексеруден өткен 2034 адамның үшеуiнен оң, қалған 2031 адамнан коронавирустың терiс көрсеткiштерi анықталған. 40 науқастың жағдайы жақсарып, емделiп шыққан. Оң нәтиже шыққандар барлығы сырттан жұмыс жасап немесе басқа қаладан қыдырып келгендер. Ауданнан сыртқа шықпаған тұрғындар арасында коронавирустың оң нәтижесiн алғандар тiркелмеген. Бұның өзi аудандық орталық ауруханада ауқымды жұмыстардың атқарылғандығын көрсетедi.

Дегенмен елiмiзде осы iндеттiң құрығына iлiнгендер саны елу мыңнан асып, 375 азамат қайтыс болды. Олардың арасында адам жанының арашасы болып жүрген дәрiгерлер де бар. Осыған орай, мемлекет басшысы Қ.Тоқаев 13 шiлденi Ұлттық аза тұту күнi деп жариялап, iндеттен қаза тапқандардың отбасы мен туған-туысқандарына көңiл айтты. Бұл күнi мемлекеттiк Ту төмен түсiрiлiп, медресе мен мешiттерде құран оқылды. Пандемия құрбандарын бiр минут үнсiздiкпен еске алды. Мұндай iс-шара аудандық ауруханада да өтiп, оған аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Шомпиев қатысты. Мемлекеттiк Ту төмен түсiрiлiп, медициналық қазметкерлер коронавирустан қайтыс болғандарды бiр минут үнсiздiкпен еске алып, олардың отбасыларына деген көңiл айтуларын бiлдiрдi.

Аудандық орталық аурухананың бас дәрiгерiнiң мiндетiн атқарушы Нұржан Нөсеров:

– Барлық қажеттi дәрi-дәрмектер жеткiзiлiп жатыр. Қосымша тағы тапсырыс берудемiз. Түркiстан облысының Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы барынша қолдау көрсетуде. Науқастардың үлкен үлесi оттегiге тәуелдi, сол себептен күнделiктi көптеген оттегi баллондары қажет етiлуде. Аурухана дәрi-дәрмектi жеткiзiп берушiлермен келiсiм-шарт жасасқан. Аудан әкiмшiлiгi мен кәсiпкерлер тарапынан күнделiктi қолдау көрсетiлiп, оттегi баллондарынан үзiлiс болған жоқ. Халықты қиын жағдайда қалдырмай, қолдау көрсетiп жатқан барлық кәсiпкерлер мен азаматтарға алғысымыз шексiз,- дейдi.

Қазiргi таңда терапия бөлiмiнде 30 төсек орын қайта бейiмделiп, оған жаңадан тағы 20 төсек-орын қосылып, екi жақты өкпе қабынуымен түскендер емделiп шығуда.

Ж.СЕЙДУӘЛИЕВ.