Қауiптi iндеттiң таралуына байланысты аудандық орталық ауруханада мобильдiк топ құрылды.
Аталған мобильдi топ мүшелерi қала аумағында тұрғындардың үйлерiне арнайы барып, оларға қазiргi болып жатқан пандемияның алдын алуға кеңестерiн айтып, ауыр халдегi адамдарға көмек көрсетуде. Топ мүшелерi болып табылатын дәрiгерлер мен мейiрбикелер денсаулығына шағым айтушы жандарды тексерiп, оларға үй жағдайында қалай күтiнiп, емделу керектiгiн егжей-текжейлi түсiндiруде. Ал тұрғындар үйлерiне келген дәрiгерлердiң осы шараларына ризашылықтарын бiлдiруде.
Аталған шара алдағы уақыттары да өз жалғасын табады.
Өз тiлшiмiзден.