Құрметтi шардаралықтар!

Сiздердi мұсылман қауымының қасиеттi мерекесi – Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрбан айт – барша мұсылманның қадiр тұтатын Ұлық мерекесi.

Бұл күнi – әрбiр мұсылман баласы заманы мен елiнiң тыныштығын, отбасы мен Отанының аман-дығын тiлейтiн қасиеттi күн.

Халқымызда «Бақ қайда барасың – ынтымаққа барамын» деген даналық сөз бар. Бүгiнде елiмiз тыныш, жұртымыз аман өмiр сүрiп келедi. Қоғамның барлық саласы қарышты қадаммен алға басып, өсiп-өркендеуде.

Елбасымыздың бастамасымен 2003 жылдан бастап елiмiзде дәстүрлi әлем дiндерi көшбасшыларының VI съездi өткiзiлiп, Қазақстан ынтымақ пен береке-бiрлiктiң ордасына айналды.

Кез келген дiннiң тiрегi – имандылық. Адамгершiлiкпен жасалған имандылық бәрiмiздi жақсылыққа жеткiзедi. Имандылық жүрген жерде ырыс-құт, бақ-береке, ақыл-ой бiрге жүредi.

Биылғы жылы елiмiздi жайлаған коронавирустық пандемияға байланысты көптеген шектеулер қойылып отыр. Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасының Үндеуiн негiзге ала отырып, құрбандық шалу тәртiбi онлайн режимiнде өткiзiлуде.

Қазiргi жағдайда бұл мәселеге түсiнiстiкпен қарайды деп сенемiз.

Қадiрлi ағайын!

Баршаңызды Құрбан айт мерекесiмен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, ырзық-несiбе, жақсылық тiлеймiз.

Айт күнгi ниеттерiңiздi Алла Тағала қабыл етciн!

 

Аудан әкiмi Қ.Жолдыбай.

Аудандық мәслихат хатшысы Б.Мүтәлиев.