
Өткен аптада «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында Шардара аудандық «Мансап орталығында» мүгедектігі бар азаматтарға, жұмыссыз жастарға және жұмыссыздарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және мемлекеттік қолдау шаралары бойынша ақпарат беру.
Іс-шараға жалпы 98 азамат, 12 жұмыс беруші мекеме қатысып, 76 бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 58 азамат жұмыспен қамтылды. Оның 3-еуі мүгедектігі бар азаматтар. 21 азамат қоғамдық жұмыстарға, 15 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына, 22 азамат тұрақты жұмыс орнына жолданды.
Сонымен қатар, 40 азаматқа жұмыспен қамту шаралары бойынша кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жәрмеңке барысында «Күміс жас», «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы» бағдарламалары аясында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Жұмыс іздеушілерге жұмыс беруші мекемелердің өкілдері мен «Мансап орталығының» мамандары жұмысқа орналасу талаптары мен шарттары турлы толық ақпарат берді.
Осындай шаралар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтуға және еңбек нарығындағы белсенділікті арттыруға мүмкіндік береді.
«Мансап орталығы» Шардара аудандық филиалы.




