
2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған жаңа Қазақстан Республикасының Конституциясының 2026 жылғы 1 шілдеден бастап заңды күшіне енуі – еліміздің қоғамдық-саяси және құқықтық дамуындағы тарихи кезеңнің бастауы. Бұл маңызды құжат мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті жаңа деңгейге көтеріп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың заманауи құқықтық тетіктерін қалыптастыруға бағытталған.
Жаңа Конституция – мемлекеттің негізгі құқықтық іргетасы ғана емес, сонымен бірге Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы стратегиялық бағдар болып табылады. Оның басты мақсаты – заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, демократиялық институттарды жетілдіру және адам құқықтарын қорғауды күшейту.
Ата Заң халықтың тікелей ерік-жігерімен қабылданғандықтан, оның әрбір нормасы қоғамның сұранысы мен уақыт талабына сай әзірленді. Конституция адамның қадір-қасиетін ең жоғары құндылық ретінде айқындап, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ерекше басымдық береді.
Жаңа Конституция мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды құқықтық жаңашылдықтарды қамтиды. Онда мемлекеттік билік тармақтарының өзара тепе-теңдігі мен жауапкершілігі күшейтіліп, қоғамның мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндіктері кеңейтілген. Сонымен қатар ұлттық бірлікті нығайтуға, қоғамдық келісімді сақтауға және азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыруға ерекше мән берілген.
Конституцияда заң үстемдігі қағидаты жаңа мазмұнмен толықтырылып, азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді кепілдіктері көзделген. Мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігі күшейтіліп, әрбір азаматтың әділ сотқа жүгінуіне, кәсіби заң көмегін алуына және заңмен қорғалатын құқықтарының сақталуына қосымша кепілдіктер берілген.
Конституцияда заң үстемдігі қағидаты жаңа мазмұнмен толықтырылып, азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді кепілдіктері көзделген. Мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігі күшейтіліп, әрбір азаматтың әділ сотқа жүгінуіне, кәсіби заң көмегін алуына және заңмен қорғалатын құқықтарының сақталуына қосымша кепілдіктер берілген.
Сондай-ақ, жеке өмірге қол сұқпау, жеке деректердің қорғалуы, цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздік, ақпараттық құқықтар, білім мен ғылымды дамыту, отбасы институтын нығайту сияқты маңызды бағыттар жаңа конституциялық қағидаттардың негізіне айналды.
Экономикалық тұрақтылық пен ұлттық мүдделерді қорғауға бағытталған нормалар да, еліміздің ұзақ мерзімді дамуына құқықтық негіз қалайды. Мемлекет азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, кәсіпкерлікті қолдауға және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге міндетті екені нақты көрсетілген.

Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі – ол тек мемлекеттік институттардың қызметін реттейтін құжат қана емес, әрбір азаматтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Сондықтан, Конституция қағидаттарын кеңінен түсіндіру, құқықтық сауаттылықты арттыру және жастардың құқықтық тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Жаңа Конституция – елдің жарқын болашағына бастайтын құқықтық бағдар. Оның табысты жүзеге асуы, әрбір азаматтың заңды құрметтеуіне, құқықтары мен міндеттерін адал орындауына және қоғамның дамуына белсенді үлес қосуына тікелей байланысты.
Әділетті Қазақстанды құру – тек мемлекеттің ғана емес, барша қоғамның ортақ мақсаты. Сондықтан, әрбір азамат Конституция талаптарын бұлжытпай сақтап, заң үстемдігін нығайтуға өз үлесін қосуы қажет. Өйткені, құқықтық мемлекет – заңға құрметтен, ал заңға құрмет – ел болашағына деген жауапкершіліктен басталады.
Қарсыбаев Арман Романұлы, Шардара ауданының әкімі.




