Ағымдағы жылы аудан бойынша «Ауыл – ел бесiгi» бағдарламасы аясында 18,04 шақырым, яғни 21 көшенiң жолдарына орта жөндеу жұмысын жүргiзу жоспарланған.
Соның iшiнде Шардара қаласында жалпы ұзындығы 9,84 шақырымды құрайтын Оңдасынов, Түгелбаев, Әйтеке би, Төле би және Жiбек жолы көшелерi орта жөндеуден өткiзiлуде.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Төле би көшесiнiң бойындағы желiлiк саябағын және Жiбек жолы көшесi мен «Үш арыс» скверiн абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргiзiлуде.
Бұдан бөлек, қала iшiн көркейту бойынша бiрқатар жоспарлар жасалуда.
Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.