Қазiргi таңда елiмiзде коронавирус дертiнiң алдын алу бойынша бiрқатар шаралар қабылданып, тиiстi мекемелер тарапынан жұмыстар жүзеге асырылуда. Бұл iске депутаттар, жеке кәсiпкерлер де өз үлестерiн қосуда.
Кешегi аптада жерлесiмiз, ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Құдайберген Ержан өз атынан Жетiсай, Шардара, Қазығұрт, Ордабасы аудандарына және Шымкент қаласына қарасты Қаратау шағын ауданына оттегi концентраторын сыйға тартты.
Халық қалаулысы 10 оттегi концентраторын арнайы Түркия елiнен алдырып, ауданымызға соның 2 данасын табыстады.
Өз тiлшiмiзден.