
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан қала, кент және ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау аясында, Шардара ауданында Шардара қаласының әкімін сайлау 2026 жылы 19 сәуір күні жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл өткен сайлау – елдегі демократиялық үдерістердің нақты көрінісі.
Сайлау қорытындысымен, Шардара қаласының әкімі болып Жұмаділлаев Досбол Жүсіпұлы сайланды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серік Қошалиев сайлау қорытындысы негізінде қабылданған шешімді жариялап, жаңадан сайланған әкімге қызметтік куәлікті ресми түрде табыстады.
Аудан әкімі Арман Қарсыбаев жаңа әкімге халық сенімін ақтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу міндетін жүктеп, алдағы қызметіне сәттілік, жауапты істерінде жоғары нәтижелер мен табыс тіледі.
Осы күні партия атынан сайлауға түскен Д.Жұмаділлаевты «AMANAT» партиясы Шардара аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Бауыржан Шомпиев те арнайы құттықтады. Б.Шомпиев жаңадан сайланған әкімге партия бағдарламаларын жүзеге асыруда сәттілік тіледі. Сонымен қатар, сайлау науқанында Д.Жұмаділлаевтың сенімді өкілі болған Бегалы Тілешов те Д.Жүсіпұлына алдағы қызметтеріне сәттіліктер тіледі.
Өз тілшімізден.




