
Өткен аптада аудан әкімі А.Қарсыбаев аудан тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселесін тыңдады. Жеке қабылдау барысында аудан тұрғындары өздеріне қатысты төмендегідей бірқатар әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді көтерді:
– Шардара қаласы, Құршан көшесі, №25 үйдің тұрғыны, зейнеткер Әжіқабылова Қарлығаш – материалдық көмек көрсету мәселесі бойынша;
– Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Нұршаев көшесінің тұрғыны Серікбаева Мейрамгүл – жұмысқа орналасу мәселесі бойынша;
– Шардара қаласы, Ынтымақ көшесі, №41/1 үйдің тұрғыны Нұржанов Сайлау – жер мәселесі, айыппұл және жолға жолақ сызу мәселелері бойынша;
– Жаушықұм ауылдық округі, Құйған елді мекенінің тұрғыны Рзабеков Айтбай – жайылым жер алу мәселесі бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.
Аудан әкімі тарапынан тұрғындар көтерген мәселелер бойынша тиісті мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді:
– Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне – азаматшаның тұрмыстық жағдайын зерделеп, заң талаптарына сәйкес материалдық көмек көрсету мүмкіндігін қарастыру;
- жұмыспен қамту орталығына тұрақты немесе уақытша жұмыс орындарын ұсыну;
- қайта даярлау немесе қысқа мерзімді оқу курстарына жолдау мүмкіндігін қарастыру;
- мемлекеттік бағдарламалар аясында жұмыспен қамту шараларына тарту;
Жер қатынастары бөліміне – жер мәселесінің заңдылығын тексеріп, нақты шешім қабылдау, тиісті органға айыппұлдың заңдылығын қарастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- тұрғын үй маңындағы жолға жолақ сызу бойынша жауапты мекемеге тапсырма беру;
- қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жайылым жер беру мүмкіндігін қарастыру;
- бос жер учаскелерін анықтап, заң аясында рәсімдеу жұмыстарын жүргізу,
- азаматқа қолданыстағы тәртіп бойынша толық түсіндірме бер.
Аталған тапсырмалар бой-ынша жауапты мекемелерге белгіленген мерзімде нақты нәтижеге қол жеткізу міндеттелді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.




