Апта барысында аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы Шардара қаласындағы стратегиялық маңызы бар «Бас су торабы» нысанында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. 

1983 жылы пайдалануға берілген бұл нысан қаланы ауызсумен қамтамасыз ететін негізгі инфрақұрылымдық жүйенің бірі саналады. Уақыт өте келе оның инженерлік желілері тозып, жаңғыртуды қажет еткендіктен, ауқымды жаңарту жұмыстары қолға алынды.

Жоба аясында насос жабдықтарын жаңарту, құбыр желілерін толық ауыстыру, автоматтандырылған басқару жүйесін енгізу және техникалық инфрақұрылымды күшейту жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес атқарылып, ағымдағы жылдың тамыз айында толық аяқтау жоспарланған.

Жұмыс барысын бақылау кезінде Арман Романұлы мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, сапа мен мерзім талаптарының қатаң сақталуының маңыздылығын атап өтті.

Бұл бақылау жобаның жүйелі орындалуына және жұмыс қарқынының артуына ықпал етуде. Жалпы, аталған жоба Шардара қаласының инженерлік инфрақұрылымын жаңғыртудың маңызды кезеңі болып табылады. Жөндеу аяқталған соң ауызсу сапасы мен тұрақтылығы артып, тұрғындардың тұрмыс сапасы жақсарады деп күтілуде. 

         Аудан әкімінің баспасөз қызметі.