“Nur Otan” партиясы Шардара аудандық филиалында 15 бастауыш партия ұйымы жұмыс iстейдi. Жалпы Шардара аудандық филиалында 3844 мүше бар.
Шардара ауданында Праймериздi ұйымдастыру және өткiзу үшiн 12 адамнан тұратын ұйымдастыру алқасы, 3 адамнан есеп комиссиясы құрылды. Кездесулер мен дебаттарға 13 орын дайындалған. 13 дауыс беру орындары белгiленген, оның 3-i бюллетень арқылы өтедi (Көксу, Мелдеби+Жаушықұм бiрiккен, Достық 1051 мүше). 2793 партия мүшесi онлайн арқылы дауыс бередi. Барлық кездесу, дебат өтетiн және дауыс беру орындарынан келiсiм-шарттар мен келiсiм хаттар алынып облыстық филиалға тапсырылды. Ауданның барлық аймағындағы әрбiр дауыс беру орындары мемлекеттiк емес мекемелердiң ғимараттарына орналасқан. Праймериз сайтына тiркелу (авторизация) бойынша бүгiнгi таңда 3844 партия мүшесi толық тiркеуден өттi.
Шардара ауданының ұйымдастыру комитетiне 47 үмiткердiң өтiнiштерi қабылданды. Жас ерекшелiктерi бойынша: 35 жасқа дейiн -14 (29,7%), 35-45 жас аралығында –12 (25,5%), 45-60 жас аралығы –21 (44,6%), азамат тiркелдi. Соның iшiнде 32 (68,1%) ер азамат, 15 (31,9%) нәзiк жандылар өтiнiш бiлдiрдi. 40 азамат өзiн өзi ұсынса, 7 азамат бастауыш партия ұйымдарының атынан ұсынылды. Олардың iшiнде 1 үмiткер ҚР Парламент Мәжiлiсiне депутаттыққа үмiткер, 6 үмiткер облыстық мәслихатқа, 40 үмiткер аудандық мәслихатқа үмiткер ретiнде тiркелдi.
Кандидаттардың бастауыш партия ұйымдарының мүшелерiмен кездесулерi және дебат өткiзу кестелерi жасақталып, кесте бойынша 13 дебат, 21 кездесу жоспарланған. Бүгiнгi таңда жоспар бойынша 10 дебат, 15 кездесу өттi.
Е.ҚАРЫМСАҚОВ,“Nur Otan” партиясы Шардара аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары.