Келешегiмiздiң шуақты болуы дарынды да талантты жастарымыздың қолында, сондықтан да жан-жақты дамыған, салауатты, бiлiмдi, функционалды сауатты ұрпақ тәрбиелеу, оларға қолдау көрсету – заман талабы.

Осы мақсаттардың тұғырынан көрiну үшiн қазiргi бiлiм ордалары мен мәдениет салаларында дарынды, талантты балалармен, студенттермен жұмыс қолға алынып, мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды функционалдық сауаттылыққа баулу жүзеге асырылуда. Осындай игi iстердiң бiрегейi елiмiздiң барлық өңiрлерiндегi дарынды, талантты балалардың бастарын бiрiктiру,  насихаттау, оларға қолдау көрсету мақсатында шығарылып отырған дарынды оқушылардың , студенттердiң «ЕГЕМЕН ЕЛДIҢ ЕРТЕҢI» атты тұңғыш республикалық дарынды балалар энциклопедиясының құндылығы зор.                                  

Елiмiздiң жарқын болашағы бiлiмдi ұрпақ қолында, бүгiнгi жарқын елдiң жасампаз жастарында. Жердiң иесi де, киесi де – жастар. Олар  егемендi қазақ елiнiң ажырамас тұғыры.  «Алтын глобус» Халықаралық бiлiм мен ғылым және мәдениеттi дамытудың оқу – әдiстемелiк, ғылыми-инновациялық академиясының бастамасымен елiмiздiң бiлiм сапасын, оқушылардың шығармашылық қабiлеттiлiктерiн арттырып, жас патриоттарды тәрбиелеу мақсатында жарыққа шығып отырған бұл жинаққа 2019 – 2020 оқу жылындағы өнер, спорт, бiлiм, ғылым саласындағы дарынды, талантты мектеп оқушылары, колледж студенттерiнiң жетiстiктерi енгiзiлiп, олардың қоғамға кеңiнен таралуына жан-жақты жол ашылған.    

Биылғы жылы дарынды оқушы Рамазанға Қазақстан Республикасының  Бiлiм және ғылым министрлiгi  «Алтын глобус» халықаралық бiлiм мен ғылым және мәдениеттi дамытудың оқу – әдiстемелiк, ғылыми – инновациялық академиясының  сертификаты берiлдi.  Онда «Құдайберген Рамазан Мұханұлы ҚР Президентi Қасым – Жомарт  Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы Жолдауында айтылған мiндеттердi жүзеге асыруға үлес қосу,    «Дарынды баланың қабiлетiн дамытудың жол картасын әзiрлеудi тапсырамын» деген мiндетiн iске асыру мақсатында, елiмiздiң болашағынан үмiт күттiретiн дарындардың есiмдерiн кiтап бетiнде қалдырып, ынталандыру мақсатында 2019 - 2020 оқу жылындағы елiмiздiң барлық өңiрлерiндегi дарынды балалардың өнер, спорт, мәдениет, бiлiм саласындағы жетiстiктерiн насихаттау мақсатында жарық көрген «ЕГЕМЕН ЕЛДIҢ ЕРТЕҢI» тәуелсiз Қазақстандағы дарынды балалардың республикалық энциклопедиясына енгендiгiн растау үшiн берiлдi», – делiнген.    

Рамазан 2006 жылы 17 қазанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Мектеп табалдырығын 2013 жылы аттаған Рамазан үздiк оқуымен,  спорттағы жетiстiктерiмен ерекшеленедi. Ата – анасының, мектебiнiң мақтанышы, сынып белсендiсi, үлкенге iзет көрсететiн, кiшiге қамқорлық көрсете бiлетiн оқушы. Рамазан 1, 2 3, 4, 5, 6 сыныптарды үздiк бағамен аяқтаған. 2 сыныпта «Алтын ұрпақ – 2015» зияткерлiк олимпиядасына қатысып III орынды иелендi. 4 сыныпта «BILGEN – OYSANA» интеллектуалды олимпиядасына қатысып, аудандық, облыстық сайысынан бiрiншi орынды алып, республикалық олимпиядадан үшiншi орынды иелендi. 2017 жылы математика пәнiнен өткiзiлген республикалық олимпиадада үшiншi орын жеңiмпазы болды. 

Сонымен қатар, Рамазан мектепiшiлiк, аудандық пән олимпиядаларына қатысып жүлделi орындарды иелендi. Рамазанның спорттағы жетiстiктерiне шолу жасайтын болсақ,  ол - қазақ, дзюдо, самбо, грэплинг күрестерiнен көптеген жеңiстерге жетiп, көптеген мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталып жүр. Осы күрес түрлерiнен мектепiшiлiк, аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық  дәрежедегi жарыстардан бiрнеше рет жүлделi орындарды иеленiп қайтты. Атап айтар болсақ, 2017 – 2018 оқу жылында өткен мектепiшiлiк ашық бiрiншiлiкте «Қазақ күресiнен» I орынды иелендi. 2018 жылы қазан айында Шардара аудандық «Алтын күз» спартакиадасы аясында, «Спорт-есiрткi және есiрткi бизнесiне қарсы» ұранымен жасөспiрiм спортшылар арасында қазақ күресi жарысынан I орын алды. 2018 жылы 10-11 қараша күндерi Астана қаласында өткен «грэплинг-ги» күресiнен III орынды, Бiшкек қаласында өткен дүниежүзiлiк дзюдо күнiне ұйымдастырылған жарыста  жүлделi III орынды иелендi.   

Түркiстан облысының әкiмдiгi  Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы П.Қырықбаевтың 2018 жылғы 29 қарашадағы №463 бұйрығымен Құдайберген Рамазан Мұханұлы грэпплингтен Қазақстан Республикасының спорт шеберлiгiне үмiткер болып тiркелдi.    

2019 жылы мамыр айында Талдықорған қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлделi III орын , «Наурыз» мейрамына арналған  самбо күресiнен ашық  бiрiншiлiкте I орынды  жеңiп алды. 2019 жылы «Жастар жылы» аясында өткен грэплингтен ашық бiрiншiлiкте I орын, грэплингтен жасөспiрiмдер арасында Түркiстан облысының 2019 жылғы чемпионатында I орын алды. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiне» арналған дзю-до күресiнен Шардара аудандық жарысында I орынға ие болды. Самбо күресiнен Шардара ауданының 2020 жылғы чемпионатында 38 кг салмақ  дәрежесiнде  I орынды қанжығасына байлады. Рамазан әлi де бiлiм мен спорттағы өнерiн шыңдау үстiнде.    

Құдайберген Рамазан Мұханұлы отбасындағы екi ұлдың үлкенi. А.Иманов атындағы жалпы орта мектебiнiң 8-сынып оқушысы. Iнiсi Бақдәулет  те осы мектептiң 6-сыныбында оқиды, спортқа деген қызығушылығы ерекше. Әкесi Мұхан Бекетов – жеке кәсiпкер, анасы Гүлжан Бегалиева А.Иманов атындағы жалпы орта мектебiнiң әлеуметтiк педагогi. Олар үнемi мектеп басшысы Садықбек Байбашевпен, жаттықтырушысы Арман Абызовпен бiргелiкте Рамазанға қолдау көрсетiп,биiк белестердi бағындыруына, жаңа жетiстiктерге жетуiне жiгерлендiрiп отырады.Жас та болса талпынып, талаптанып биiк жетiстiктерге жетудi арман еткен шәкiртiмiзге шығар тауың биiк болсын, арманыңа жетуде ешқашан қанатың талмасын дей отырып, әлемдiк додаларда топ жарып,  елiмiздiң туын жоғары көтеруiне тiлектестiк бiлдiремiз.            

Жаңабай СЕЙДУӘЛИЕВ.

Суретте: атасы Ережеп Құдайбергенұлы, Құдайберген Рамазан және

 анасы Гүлжан Бегалиева.