Семинарда елiмiздiң балық шаруашылығының қазiргi ахуалы мен даму перспективасы туралы сөз қозғалып, кеңесте ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрi М.Мырзағалиев,
«Балық шаруашылығы ғылыми-өндiрiстiк орталығы» ЖШС басқарма төрағасы Қ.Исбеков, балық өсiру шаруашылықтарының басшылары: «KingFish» – М.Тұрсынәлi, «Қызылорда балық» – А.Ерхатов, «Хамит» ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативiнiң төрағасы– Б.Серманизов, «Шығыс универсал» – В.Асанов, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Е.Қарашөкеев, Шығыс Қазақстан облысының әкiмi Д.Ахметов, Алматы облысының әкiмi А.Баталов, Қызылорда облысының әкiмi Г.Әбдiқалықова, Жамбыл облысының әкiмi Б.Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкiмi О.Оразалин, Қарағанды облысының әкiмi Ж.Қасымбек баяндама жасады.
«Әзiрленiп жатқан балық саласын дамыту тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанда өндiрiс әлеуетi жылына 600 мың тоннаны құрайды. Бiздiң бағалауымыз бойынша, экспорттың әлеуеттi көлемi жыл сайын 300 мың тоннадан асады. Бiз осы мүмкiндiктердi жеткiлiктi iске асыру үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдауға тиiспiз», — дедi А. Мамин.
Сондай-ақ, Үкiмет басшысы Ұлттық экономика министрлiгiне Экология, геология және табиғи ресурстар, Ауыл шаруашылығы, Қаржы министрлiктерiмен бiрлесiп балық шаруашылығындағы кооперацияны ынталандыру шараларын қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, әкiмдiктерге қалалар мен басқа да елдi мекендерде балық және балық өнiмдерiн сататын сауда павильондарын қою мәселесiн пысықтау тапсырылды.А. Мамин жұмыс сапары аясында ауданымыздағы «Хамит» ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативi мен «Vita» балық өсiру шаруашылықтарына барып, Қазақстанның балық шаруашылығы өнiмдерiнiң көрмесiн аралап, Шардара су қоймасы бөгетiнiң күрделi жөндеу жұмыстары және Шардара су электр станциясының (ГЭС-iнiң) жаңғыртылуымен танысты.
Үкiмет басшысы ауданымыздағы балық саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берiп, қолдау көрсететiндiгiн айтты.
Рүстем ПЕРДЕБЕК.