Қымбатты ардагерлер!
Сiздердi 1 қазан – Халықаралық қарттар күнi мерекесiмен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн аға ұрпақтың қоғам өмiрiне қосқан үлесiне шынайы ризашылық бiлдiретiн күн болып табылады. Ардагерлерiмiздiң ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтiк экономикалық жағдайында алатын орны ерекше. Себебi, Сiздердiң әрқайсыларыңыздың ауданның өсiп-өркендеуiне, тәуелсiз мемлекетiмiздi нығайтуға қосқан үлестерiңiз бен еңбектерiңiз ерен.
Сiздер бүгiнгi күнi де ауданымыздың қоғамдық өмiрiне белсене араласып, белсендiлiк танытып келесiздер.
Қариясын қадiрлеген халқымыз қашан да тәлiм мен тәрбиенi, өнеге мен әдептi үлкендерден үйренген. Бар саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игiлiгiне, ұрпақ тәрбиесiне арнаған аға ұрпақ өкiлдерiнiң алдында бас иемiз.
«Қариясы бар елдiң қазынасы бар» дейдi халқымызда. Сiздер сабырлылық, қарапайымдылық қасиеттерiңiзбен кейiнгi буын жастарды мейiрiмдiлiк пен отансүйгiштiкке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесiздер. Адам ұрпағымен мәңгi жасайды.
Бүгiнгi күн – кешегiнiң жемiсi, ертеңгiнiң өркенi. Сiздер ел үшiн еңбек етiп, болашақ ұрпаққа үлгi бола бiлдiңiздер. Жарқын болашақ, кемелдi келешек үшiн қажымай еңбек еткен қарттарымызға деген құрмет пен iзгi ниетiмiз әрқашан да ерекше.
Өскелең ұрпақ iзбасарларыңыз Сiздер салған сара жолмен ауданымыздың өркендеуiне, гүлденуiне атсалысып келедi.
Алдағы уақытта арамызда ақылшы, кеңесшi бола жүрiп, елдi бiрлiкке, ынтымаққа шақырып, үлгi-өнеге көрсете бередi деп сенемiз.
Қадiрмендi қариялар мен абзал аналар!
Сiздердi тағы да төл мерекелерiңiзбен құттықтай отырып, дендерiңiзге саулық, отбасыларыңызға бақыт, құт-береке, бiрлiк тiлеймiз. Немере-шөберелерiңiздiң қызығын көруге жазсын.
Iзгi ниетпен, аудан әкiмi Қ.Жолдыбай.
Аудандық мәслихат хатшысы Б.Мүтәлиев.