“Ырыс – 2017” ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативiнiң төрағасы Ержан Қарабаев аудандағы белдi кәсiпкерлердiң бiрi. Аталмыш кооператив мал,
егiн шаруашылығымен айналысып, өнiмдерiн экспорттап келедi. Сондай-ақ, 40 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсiпкер 2-3 жылдан берi шаруа қожалығын күрiш цехымен толықтырды.
Е.Қарабаев бақша, мақта, мал азығы саналатын егiстiктен бөлек 700 гектар жерге күрiш егiп, күрiш цехынан күнiне 35 тоннаға жуық жоғары сұрыпты дайын өнiм шығаруда. Кәсiпкер «Лазер» және «Мустаһиллик» күрiш сорттарын егiп, оны елден бөлек Қырғызстан мен Ауғанстан елдерiне экспорттауда. Кәсiпкер алдағы уақытта экспорт көлемiн ұлғайтып, шағын цехты үлкен зауытқа айналдыруды көздеп отыр.
Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.