Апта басында аудан басшысы Қайрат Жолдыбай тұрғындарды жеке мәселелерi бойынша қабылдап, талап-тiлектерiне құлақ түрдi.

Аудан әкiмi түрлi мәселелерiмен келген тұрғындардың сұрақтарына толыққанды жауап берiп, олардың өтiнiштерiн оң шешу үшiн тиiстi сала мамандарына тапсырмалар бердi. Дербес сала мамандарының қатысуымен өткен жеке қабылдау кезiнде аудан тұрғындары тұрғын үй, көшеге тас төсеу, қоқыстарды ретсiз тастамау, шахмат спортын дамыту және тағы да басқа әлеуметтiк мәселелердi көтердi.

Аудан әкiмiнiң мұндай жеке мәселелерiмен тұрғындарды қабылдауы жиi өткiзiлiп тұрады. Ондағы айтылған өтiнiштердi орындау үшiн тиiстi мекемелерге тапсырмалар берiлiп, әкiмшiлiк бақылауға алынып, оң шешiмiн табуда.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.