1 қазан – Халықаралық қарттар күнiне орай аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай бiр топ қарияларға сый-құрмет көрсеттi.

Атап айтар болсақ, қалада тұратын жалғызiлiктi Керiкбай Жылқайдаров, Вера Афанасьевна Клименко, Любовь Андреевна Чубий есiмдi аға-апалардың шаңырақтарына барып, мерекемен құттықтады.   

–  Қазiргi кезде бiздiң мемлекетiмiзде қарт кiсiлерге жеткiлiктi түрде көңiл аударып, үкiмет тарапынан жан-жақты қамқорлық жасалуда.

Сiздер түрлi салада қызмет атқарып, өңiрiмiздiң өсiп-өркендеуiне, елiмiздiң бейбiт өмiр сүруiне өз үлестерiңiздi қостыңыздар. Сiздердiң өмiр жолдарыңыз бүгiнгi ұрпаққа үлгi-өнеге болып қала бередi. Мерекелерiңiз құтты болсын! Ауырмаңыздар, аман-есен болыңыздар! – деген аудан басшысы оларға сый-сияпаттар жасады.   

Аудан әкiмi сондай-ақ, ардагер ұстаз, аудандық «Әжелер алқасының» төрайымы, қаладағы Абай мөлтекауылының биi Жамал Төлешованы да мерекемен құттықтап, «Алғыс хатпен» марапаттады.