Аудан әкiмiнiң орынбасары А.Тәженов және аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң басшысы Т.Әлiмқұл жиын-терiм науқаны басталуына орай ауылдарды аралап,

диқан мен шаруақожалық егелерiмен кездестi. Кездесу барысында биылғы жылғы 59300 гектарға егiлген өнiмдi күзгi жауын-шашынға ұрындырмай жинап алу мен гектар өнiмдiлiгi жайлы сөз болды. Сондай-ақ, ауданда биыл 18225 гектарға егiлген мақта өнiмiн қабылдайтын 33 пункттiң дайындық жұмыстарымен танысты.

Аудан әкiмiнiң орынбасары әр ауылдың әкiмi және дихандарымен кездесу барысында көтерiлген мәселелерге жауап берiп, дақыл жинау науқанында қажеттi техника мен жанармайдың жеткiлiктi екенiн айтты.

Сонымен қатар, қазiргi таңдағы әлемдi шарпыған пандемияға байланысты мақта өнiмiнiң экспорт көлемi мен бағасының тұрақсызданып тұрғанын жасырмады.
А.Тәженов «Ырыс-2017» ауыл шаруашылығы өндiрiстiк кооперативiнiң төрағасы
Ержан Қарабаевтың иелiгiндегi ауданда алғаш iске қосылған күрiш цехымен танысты. 700 гектар алқаптың әр гектарынан 70 цн өнiм жинап, күнiне цехтан 35 тонна күрiш өндiрiп, оны шет елдерге экспорттап отырған кооператив төрағасының жұмысына оң баға бердi. Сондай-ақ, ауданнан әлi күнге дейiн экспортталатын, бүгiнгi күнi 39405 тоннасы шет елге шығарылып қойылған қауын өнiмiнiң жұмыс барысымен танысып, өңiрiмiзде егiлетiн 10 түрлi қауын сортының тиiмдiлiгi жөнiнде сөз қозғады.

Айта кетерлiгi, ауданда соңғы жылдары мал азығындық дақылдар көптеп егiле бастады. Бұған себеп, мамандар өңiрiмiзде мал шаруашылығы жылдан-жылға дендеп дамып жатқандығын алға тартты.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.