1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы шешiмiмен 3 желтоқсан – халықаралық мүгедектер күнi болып белгiлендi.

Ал, Қазақстанда мүгедектер күнi жыл сайын қазан айының екiншi жексенбiсiнде аталып өтiледi.

Қамкөңiл жандардың мерекесiне орай, аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Шомпиев аудандағы бiрнеше мүмкiндiгi шектеулi азаматтарды құттықтады.

– «Тағдырдың жазуына мойымай, жасымай, әрқашан өмiрге деген құштарлықтарыңыз артсын. Мүмкiндiгi шектеулi болғанына қарамастан, елiмiздiң дамуына үлес қосып, мәдени, спорттық және тағы да басқа көптеген салада үздiк болып жүрген жандар көп. Бұл тұрғыдан сiздерге әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз. Тағы да мерекелерiңiз құтты болсын!» – дедi Б.Шомпиев. Сондай-ақ, қамкөңiл жандардың көңiлдерiн көтеру үшiн сыйлықтар мен азық-түлiк себеттерi үлестiрiлдi.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.