Биыл азаматтық қорғау органдарына 25 жыл толып отыр. Осыған орай, аудан әкiмiнiң орынбасары

Б.Шомпиев ауданымыздағы №4 өрт сөндiру бөлiмiне арнайы барып, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерiн құттықтап қайтты.

Аудан әкiмiнiң орынбасары өз сөзiнде: «Кенеттен төнген түрлi қауiп пен тосыннан болған табиғи апат кезiнде бiрiншi ұмтылып, тiлсiз жауға қарсы тұрып жүрген бейбiт күннiң батыры болып, халықтың құрметiне бөленiп келесiздер.

Үлкен жауапкершiлiктi талап ететiн қиын да абыройлы қызметтерiңiзге табыс, мықты денсаулық және отбасыларыңызға амандық тiлеймiн» – дей келе, оларды аудан әкiмiнiң Алғыс хатымен марапаттады.

Өз тiлшiмiзден.