2011 жылы Елбасының Жарлығымен «Әлеуметтiк қорғау саласы қызметкерлерiнiң күнi» бекiтiлген болатын. Осы кезеңнен бастап елiмiзде қазан айының соңғы жексенбiсi көмекке зәру жандарға қолдау көрсетiп жүрген әлеуметтiк сала мамандарының төл мерекесi ретiнде тойланып келедi.

Мереке қарсаңында аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Шомпиев  бiр топ әлеуметтiк сала мамандарын төл мерекелерiмен құттықтады.

– Құрметтi әлеуметтiк сала қызметкерлерi! Сiздердi төл мерекелерiңiзбен шын жүректен құттықтаймын! Қамкөңiл жандарға өз мейiрiмдерiңiзбен жылу сыйлап, көмекке мұқтаж азаматтарға әрқашан қол ұшын созып келесiздер. Бiр-бiрiмiзге деген қамқорлық пен ыстық мейiрiм болмаса, әлемде жылу қалмас едi. Қоғамның осал топтарының ел қатарлы өмiр сүрiп, әрқашан белсендi болуы ол сiздердiң шуағы шашылған кең жүректерiңiздiң арқасы деп бiлемiн, – деген Б.Қуанышбайұлы әлеуметтiк сала қызметкерлерiн аудан әкiмiнiң Алғыс хатымен марапаттады.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.