Таяуда аудан әкiмiнiң орынбасары А.Тәженов күзгi жиын-терiм, шаруаларды несиелендiру, жер жырту және тағы да басқа маңызды ауыл шаруашылығы мәселелерiне байланысты ауылдық округтерде болды.
Шаруалармен кездесу барысында шешiлуi тиiс мәселелерi жөнiнде сұрап, күзгi дала жұмыстарымен, яғни, жер жырту, күзгi жиын-терiм, күздiк егу, екi өнiм алу бойынша түсiндiру, «ПУИД-2» бағдарламасы арқылы Батыс және Шығыс бағытындағы су қашыртқыларының қазылу жұмыстарымен танысты.
Бүгiнгi таңда, күздiк жер жыртуға межеленген 40775 гектар жердiң 5098 гектары айдалып үлгердi. Ал жоспарланған күздiк бидай дақылын 1160 гектар жерге егу керек болса, бұл көрсеткiш 1290 гектарға артып, қосымша егу жұмыстары жалғасуда.
Сонымен қатар, Алатау батыр және Қызылқұм ауылдық округтерi бойынша 311 шақырым iшкi шаруашылық каналдарды күрделi жөндеу мен қалпына келтiру жұмысы қарқынды жүруде. Оған қоса жаңадан 19,3 шақырым су қашыртқысын қазу жоспарлануда.
Сондай-ақ, А.Тәженов бүгiнгi күнi ауарайының қолайлы болуына байланысты күздiк егу жұмыстарын тездетудi, уақытылы жүргiзудi атап, оның себебi мен салдарын жан-жақты түсiндiрдi.
Сонымен қатар, аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң басшысы Т.Әлiмқұл ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне жылына екi өнiм егу тұрғысында түсiндiрiп, екi өнiм алу үшiн ерте пiсетiн дақыл түрiн егiп, екiншi өнiмге уақыт жеткiлiктi болатынын дәлелдi түрде атап өттi.
Бұдан бөлек, Алатау батыр ауылынан шаруаларды төмен пайызбен несиелендiру бойынша арнайы серiктестiк құру мәселесi талқыланды.
Өз тiлшiмiзден.