Қазақстан Республикасының «Ауыл шаруа-шылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсiбi күнiне» орай облыс көлемiнде өткен дәстүрлi «Алтын күз-2020» жиынында Шардара ауданы бақша өндiруден озат аудан атанды.
Шараға аудан әкiмi Қ.Жолдыбай қатысып, облыс әкiмiнiң арнайы марапатына ие болды.
Тарқатып айтсақ, ағымдағы жылы ауданымызда 10338 гектар жерге бақша өнiмдерi егiлiп, гектарынан 254,3 центнерден өнiм алынған. Жалпы есепте 262895 тонна өнiм өндiрiлдi.
Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.