Облыс әкiмiнiң тапсырмасына сәйкес, Түркiстан қаласын көгалдандыру бойынша  әр ауданға жеке-жеке сектор бөлiп берiлген болатын.

Бiздiң ауданымызға №10 сектор берiлген. Таяуда аудан басшысы Қ.Жолдыбайдың тiкелей қатысумен аталған секторда жаппай сенбiлiк ұйымдастырылды.

Сенбiлiк барысында 2,5 гектар жерге 2500 ағаш, 40 түп шырша және 100-ге жуық гүл отырғызылды. Көгалдандыру жұмыстарына 15 техника және 150-ге жуық аудан тұрғындары белсендi қатысып, облыс орталығын гүлдендiруге елеулi үлес қосты.

Түркiстан қаласындағы №10 секторда ауданымыздың атқарып жатқан жұмыстарымен облыс әкiмi Ө.Шөкеев танысып, шардаралықтардың жұмысына оң баға бердi.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.