Қадiрлi жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi күнiмен шын жүректен құттықтаймыз!
Тәуелсiз Қазақстанның iргетасын қалап, болашаққа бағыт-бағдар берген, бүгiнгiдей бiздiң беделдi әрi қуатты мемлекетке айналуымызда – Елбасының еңбегi ұшан-теңiз.
Өздерiңiзге белгiлi, 1991 жылдың 1 желтоқсанында Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президентi болып сайланып, Қазақ елi мен жерiн тар жол, тайғақ кешу талай кезеңдерден сүрiндiрмей, әлем мойындаған мемлекеттiң негiзiн қалады. Осындай сәтте Елбасының «Бiз мемлекет құрдық. Құрғанда да аты бар да заты жоқ мемлекет емес, бүкiл адамзат танитын, танып қана қоймаған, мойындайтын, құрметтейтiн мемлекет құра алдық» деген сөзi ойға оралады. Сондықтан елдегi игiлiктердiң барлығы Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың есiмiмен байланысты.
Нұрсұлтан Әбiшұлы әуел бастан экономикалық реформаларды саясаттан бұрын қойды. Ең қиын-қыстау кезеңдердiң өзiнде де ұлт болашағын, халықтың келешегiн айқындайтын қадамдарға барды.
Қазақта: «Тарихты тұлғалар жасайды» деген сөз бар. Әр ұлттың өзiндiк тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар болады. Олар қаншама уақыт өтсе, сол ұлттың данасы ретiнде санаға бекiп, адамзаттың ортақ азаматына айналады. Бұл ретте, егемен Қазақстанның негiзiн салудың және нығайтудың тарихи миссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесiлi. Елi сүйген Елбасы барша қазақстандық азамат мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан зор құрметке ие болған кемеңгер тұлға.
Әр елдiң болашақ тағдырын айқындайтын тарихи кезеңдерi болады. Соның бiрi – астанамыздың Сарыарқа төсiне қоныстануы болды. Арқа төсiне әсем шаһар салып, әлемге Қазақстан деген абыройлы мемлекет ретiнде танылдық. Мемлекет басшысының Елорданы Ақмолаға көшiру туралы идеясы iске асып, тарих беттерiнде алтын әрiптермен жазылды.
Санаулы күндерден кейiн бiз азаттық туын желбiреткен, Тәуелсiз мемлекетiмiздiң 29 жылдығын атап өтемiз.
Қандай жетiстiкке болмасын бәрiмiз бiрлесе, бiрiге атқарсақ қана қол жеткiзе аламыз.
Қадiрлi аудан тұрғындары!
Баршаңызды мемлекеттiк мереке – Тұңғыш Президент күнiмен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, бақыт, қуаныш, еңбектерiңiзге табыс тiлеймiз!
Тәуелсiз Қазақстан жасасын!
Елiмiз, Елбасымыз аман болсын!
Аудан әкiмi Қ.Жолдыбай, Аудандық мәслихат хатшысы Б.Мүтәлиев.