Жаңа жыл мерекесiнiң қарсаңында аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай оқушы балаларды мерекелерiмен құттықтап шықты.
Әлемдi алаңдатқан пандемияның себебiнен жаңа жылдық шырша өткiзуге тыйым салынғандық-тан, аудан басшысы бағалы сыйлықтар мен тәттiлердi олардың үйлерiне барып сыйлады.Тарқатап айтсақ, аудан әкiмi аз қамтылған, көпбалалы, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жартылай жетiм балалардың отбасыларында болды. Мереке қарсаңында аудандағы осындай 54 оқушыға тәттiлер мен сыйлықтар үлестiрiлдi.
Балалардың қуаныштарына ортақтасқан Қ.Жолдыбайұлы: «Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Жаңа жылды көтерiңкi көңiл күймен қарсы алып, әрқашан тағдыр сынына мойымаңыздар. Отбасыла-рыңызға бақыт пен шаттық тiлеймiн» – деп өз ыстық лебiзiн жеткiздi. Сондай-ақ, аудан әкiмi барған отбасылардың жағдайымен танысып, көңiлдерiне демеу болып, әрқашан бiрге екендiгiн бiлдiрдi.
Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.