Облыс әкiмiнiң тапсырмасына сәйкес (желтоқсан айындағы мереке күндерi әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк бағасын тұрақтандыру мақсатында

iрi сауда базарларының жанынан әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларынан жәрмеңке ұйымдастыру) аудан әкiмдiгiнiң тiкелей ұйымдастыруымен жаңа жыл мерекесiнiң қарсаңында қала орталығында үлкен жәрмеңке ұйымдастырылды.

Аудандық мәдениет сарайының алдында өткен жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы тауарлары – сиыр және қой етi, картоп, пияз, сәбiз, қырыққабат, асқабақ, күрiш, көкөнiс және балық секiлдi азық-түлiк өнiмдерi қойылды. Жәрмеңкеде тауарлар нарық бағасынан 10-15 пайыз көлемiнде арзан сатылды.

Шараға ауданға қарасты ауыл округтерi мен ауыл шаруашылығы кәсiпорындары өз үлестерiн қосты.

Өз тiлшiмiзден.