10 қаңтар күнi өткен Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсi мен мәслихат депутаттарының сайлауына шардаралықтар бiр кiсiдей қатысып, өз таңдауларын жасады. Тұрғындар қала және ауыл округтерiндегi 33 сайлау учаскелерiне таң азаннан барып дауыстарын бердi.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Бейсенбиевтiң мәлiметi бойынша, аудандағы 45955 сайлаушының 28578-i дауыс беруге қатысқан. Саяси партияларға дауыс берудiң нәтижесi бойынша Парламент Мәжiлiсiне түсiп жатқан «Қазақстан Халық партиясына» 3,46 %, «Нұр Отан» партиясына 75,4 %, «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясына 6,56 %, «Ақ жол» Қазақстанның патриоттық партиясына 9,78 %, «Адал» саяси партиясына 4,86 % дауыс берген. Сол сияқты Түркiстан облыстық мәслихаты бойынша «Қазақстан Халық партиясына» 0,17 %, «Нұр Отан» партиясына 81,54 %, «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясына 8,76%, «Ақ жол» Қазақстанның патриоттық партиясына 9,11 %, «Адал» саяси партиясына 0,12 %, Шардара аудандық мәслихаты бойынша «Нұр Отан» партиясына 74,08 %, «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясына 12,95 %, «Ақ жол» Қазақстанның патриоттық партиясына 12,9 %, «Адал» саяси партиясына 0,1 % дауыс берiлдi.
«Өскен өңiр»-ақпарат.