14 қаңтар күнi «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалында партияның Шардара аудандық мәслихатындағы фракциясының мәжiлiсi болып өттi.
Жиынды «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы, аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай ашып, жүргiзiп отырды.
Фракция мәжiлiсiнiң күн тәртiбiнде төмендегiдей мәселелер қаралып, талқыланды:
- Шардара аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшiсiн сайлау туралы;
- Шардара аудандық мәслихатының хатшысы, тұрақты комиссиялар төрағалары, мәслихат сессиясының төрағасы лауазымдарына кандидатураларды талқылау туралы;
- Шардара аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясының алдына қойылған мiндеттерi туралы.
Күн тәртiбiндегi бiрiншi мәселе бойынша Шардара аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жетекшiсi болып Айдос Сүндетәлi Қалмахамедұлы сайланды.
Екiншi мәселе бойынша Бюджет, экономикалық даму және әлеуметтiк мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия төрағалығына Нөсеров Нұржан Ахметұлы, Әкiмшiлiк аумақтық орналастыру, ауыл және ауыл шаруашылығы мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия төрағалығына Жұмабек Қабыланбек Райымбекұлы, Мемлекеттiк құқық, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, депутаттық өкiлеттiк, депутаттық этика және марапаттау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссия төрағалығына Асылбеков Ғалымжан Серiкұлы бекiтiлдi.
Үшiншi мәселе бойынша Шардара аудандық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясының фракциясы:
- Бiр ай iшiнде партия Фракциясы жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп, аудан бойынша сайлауалды бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын барлық көрсеткiштердi жылдар бойынша бөле отырып, бекiтсiн.
- Әр жартыжылдық сайын әкiмдiктiң аталған iс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша есебi тыңдалсын.
- Барлық әлеуметтiк топтармен керi байланыс нығайтылсын, халықпен тұрақты түрде кездесулер өткiзiлсiн. Партияның қоғамдық қабылдау бөлмесiнде азаматтарды қабылдау жүргiзiлсiн, мемлекеттiк органдардың есептiлiгi бақылансын.
- Партия филиалының консультативтiк-кеңесшi органдары iске қосылсын, сайлаушылардың талап-тiлектерi мен ұсыныстары ескере отырып, қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн басқа да алаңдар жұмысқа тартылсын, – деген мәтiндегi мiндеттер қабылдады.
Ерғали Қарымсақов,
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары.