Қазiргi таңда әлемде және елiмiзде эпидемиологиялық ахуал өрши түсуде.

Алайда Шардара қаласында коронавирустың өршуiн болдырмау мақсатында түрлi шаралар қабылданып, адамдардың қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуде.

Түркiстан облысының Бас санитарлық дәрiгерiнiң «Түркiстан облысында карантиндiк шектеу шараларын ұзарту туралы» 2020 жылғы 18 қыркүйектегi №37 қаулысына сәйкес, қала тұрғындарының қауiпсiздiгiн, тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету және инфекцияның таралуының алдын алу бағытында санитарлық-эпидемияға қарсы iс-шараларын жүргiзу үшiн қала аумағы 6 бөлiкке бөлiнiп, карталық сызбасы жасалды. Құрамында құзырлы мекеме (аудан әкiмi аппараты мамандары мен полиция қызметкерлерi) қызметкерлерi қамтыла отырып, 6 мобильдiк топ құрылған. Жасақталған мобильдiк топ мүшелерi күнделiктi өздерiне бекiтiлген аумақты қадағалап, қала тұрғындарына қоғамдық орындарда маскалы режимдi сақтау, орта және шағын бизнес объектiлерiнде дезинфекциялық шаралардың сақталуына рейдтiк түсiндiрме жұмыстарын жүргiзуде. Бүгiнгi таңда жыл басынан берi 26 жеке тұлғаға айыппұл салынды. Жалпы салынған айыппұл сомасы 1 137 630 теңге.

Д.Құлымбетов, қала әкiмi аппаратының бас маманы.