Шардара аудандық соты төрағасының мiндетiн атқарушы Светлана Рысбекқызы Оңдыбаева аудандық сотта 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы арнайы брифинг өткiзiп, журналистерге сұхбат бердi.

Төраға мiндетiн атқарушы С.Р.Ондыбаеваның келтiрген мәлiметтерiне сүйенсек, аудандық сотқа 2020 жылы 104 тұлғаға қатысты 78 қылмыстық iс түсiп, 97 тұлғаға қатысты 73 қылмыстық iс қаралып, аяқтал-ған. Оның iшiнде 58 тұлғаға қатысты 44 iс бойынша үкiм қабылданып, 16 тұлғаға қатысты 16 iс бойынша iс жүргiзу тоқтатылған.

Жалпы 58 тұлғаға қатысты 44 iс бойынша үкiмнiң негiзiнде  6 тұлғаға қоғамдық жұмыстарға тарту, 34 тұлғаға шектеу жаза-сы, 3 тұлғаға айыппұл жазасы, 4 тұлғаға бас бостандығынан айыру жазасы, 11 тұлғаға (ҚК-нiң 63-бабымен) шартты жаза қолданылған.

4 тұлғаға қатысты 2 қыл-мыстық iс бойынша ақтау үкiмi шығарылған. 16 тұлғаға қатысты 16 iс бойынша iс жүргiзу тоқтатылған. Оның iшiнде 6 тұлғаға қатысты 6 iс бойынша кәсiпқой емес медиатордың қатысуымен қаралып, тараптар медиация тәртiбiмен татуласуына байланысты iс жүргiзу тоқтатылған.

Көрсетiлген мерзiмде 605 талап қою арыздары мен арыздар түскен. Олар бойынша iс қозғалып, жалпы 486 азаматтық iс қаралып аяқталып, соған орай 318 шешiм, 73 сот бұйрығы қабылданған. 38 iс тараптардың медиация тәртiбiмен, 3 iс партисипативтiк тәртiбiмен және 1 iс тараптардың бiтiмгершiлiк келiсiмге келуiне байланысты тоқтатылған.

2020 жылы 303 азаматтық iс бойынша сот отырысы АБЖ құрылғысына жазылған.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша 2020 жылы 252 iс материалдары түсiп, 244 тұлғаға қатысты әкiмшiлiк iс қаралып аяқталған. Олардың iшiнде 204 iс бойынша әкiмшiлiк жазалар қолданылған. Оның iшiнде 116 әкiмшiлiк айыппұл, 16 арнайы көлiк құралын басқару құқығынан айыру, 30 әкiмшiлiк қамау және 42 әкiмшiлiк ескерту туралы қаулылар шығарылған.

29 iс бойынша құқық бұзушылар жәбiрленушiмен медиация тәртiбiмен татуласып, бiтiмгершiлiк келiсiмге келуiне байланысты әкiмшiлiк iс жүргiзу тоқтатылған.

Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау барысында сот жұмысын насихаттау, сот жүйесiнiң беделi мен абыройын, ашықтығын халыққа кеңiнен таныту мақсатында 2020 жылы газеттерге 34 рет мақала шығарылып, жергiлiктi мекемелер мен БАҚ өкiлдерiнiң қатысуымен 1 рет дөңгелек үстел өткiзiлiп, ауданның мемлекеттiк мекемелерiне 6 рет лекциялар оқылған.

Өз тiлшiмiзден.