Апта бары-сында «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиа-лының қоғамдық қабылдау бөлме-сiнде Түркiстан облыстық мәслихатының депутаты Серманизов Бақытжан Қыпшақбайұлы қоғамдық қабылдау өткiздi.

Халық қалаулысы азаматтарды офлайн тәсiлiмен қабылдап, заң аясында кеңестер бердi. Бiрқатар мәселелердiң оңтайлы шешiлуiне ықпал жасады.

Мәселен, 5 баланың анасы Несiбелi Нұралиева жұмысқа орналасуға көмек сұрап келген екен. Көп балалы ананың өтiнiшiн ден қойып тыңдаған халық қалаулысы оның жұмысқа орналасуына көмек көрсететiндiгiн жеткiздi.

Сонымен қатар, әлеуметтiк және заңгерлiк көмек сұрап келген барлық азаматтарға консультативтiк көмек көрсетiлдi.

“Өскен өңiр” – ақпарат.