Сәуір айының 5-7 күндері Отырар ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Қ.Мұңайтпасұлының 150 жылдық мерейтойына арналған қазақ күресінен 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық ашық турнир өтті.
Аталған жарысқа Шардара ауданының командасын №2 БЖСМ-нің білікті жаттықтырушылары Мұса Дәуренов және Мұңайтпас Ақжаров бастап барған болатын. Аталған жарыста жерлестеріміз 2 алтын, 1 күміс, 1 қола еншілеп, мерейімізді үстем етті.
Атап айтар болсақ, 60 кг салмақта Төлеген Ержан мен 70 кг салмақта Сайлаубек Бағлан алтыннан алқа тағынды. 38 кг салмақта Бекбол Диас 2-орынды, 50 кг салмақта Қанатбек Нұрманов 3-орынды еншіледі.
Өз тілшімізден.