Қазіргі таңда Шардара ауданы бойынша 25 елді мекеннің 7 елді мекені табиғи газ көзіне қосылған.
Одан бөлек Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Ақберді елді мекені аумағынан «Шардара» №18 ГТС-ның (газ тарату стансасы) құрылыс жұмыстары 2019 жылы қараша айында аяқталып, мемлекеттік қабылдау актісімен қабылданып алынды. Осы жоба аяқталысымен, Шардара қаласы және қаламен іргелес жатқан 11 елді мекен табиғи газбен қамтылатын болады.
Қазіргі таңда аудан орталығы – Шардара қаласын газдандыру жұмыстары басталды. Ол жұмыстарды кезең-кезеңмен жүргізу жоспарланған.
Бірінші кезеңде Өтеғұл шағын ауданы, №14 Бекет, Мұнай база елді мекендерінде тұратын 4,2 мыңнан астам халық табиғи газ көзіне қосылуға мүмкіндік алады.
Ал екінші кезеңде Абай, Қызылжар шағын аудандарындағы 8 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылады.
Үшінші кезеңде Мелде би, Қанай Датқа шағын аудандарындағы 7,8 мыңға жуық тұрғын табиғи газбен қамтылса, төртінші кезеңде Майқала және Ақбала шағын аудандарының 1 460 тұрғыны табиғи газбен қамтылатын болады.
Сондай-ақ, Шардара қаласындағы №4 және №3 мөлтек аудандарында кварталішілік газ құбыры желілерінің құрылысы» жобасы әзірленіп, аталған жоба аясында Шардара қаласындағы 6 690 тұрғын табиғи газбен қамтылатын болады.
Оған қоса, Наурыз және Нұр Отан мөлтек аудандарындағы кварталішілік газ құбыры желілерінің құрылыс жобасы дайындалып, ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары басталады. Аталған жоба аясында Шардара қаласындағы 4 865 тұрғын табиғи газбен қамтылатын болады.
Сонымен қатар, Шардара қаласындағы Төменгі тоғай мөлтек ауданының кварталішілік газ құбыры желісінің құрылысы» жобасы әзірленуде. Жоба аясында Шардара қаласындағы 3 285 тұрғын табиғи газбен қамтылатын болады.
Өз тілшімізден.