Өткен аптада Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ауданымызға іссапармен келді.
Министр аталған сапары барысында Қызылқұм және Алатау батыр ауылдарында ПУИД-2 бағдарламасы арқылы (каналдарды бетондау, тазалау, қашыртқыларды қазу) жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Сондай-ақ, жергілікті шаруа қожалық басшылары және диқандармен кездесіп, олардың мәселелерін тыңдап, сұрақтарға жауап берді. Кездесу барысында диқандар тарапынан қосымша каналдарды да күрделі жөндеуден өткізу, жұмыс сапасына баса назар аудару және уақытылы бітіру секілді өтініштер айтылды.
М.Мырзағалиев ауқымды жобаны жүзеге асырып жатқан мердігер компания басшыларына істі барынша қарқынды атқарып, каналдарды диқандардың егістігіне барынша қолайлы етіп жасап, үлкен жобаны сапалы түрде абыроймен аяқтау керек екендігін атап өтті. Сондай-ақ, салаға тікелей жауапты мамандарға қазіргі кездегі 5Р-1, 6Р-1 және 6Р-2 каналдарында туындап жатқан мәселелерді тез арада шешіп, жергілікті тұрғындарға дер кезінде ағын су жеткізуді тапсырды.
Сонымен қатар, ПУИД-2 жобасына жауапты мамандар тарапынан көтерілген ұсыныстар мен өтініштерін тыңдап, барлық мәселе хаттамаға енгізіліп, қаралатынын айтты.
Р.Пердебек.