7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнінің қарсаңында аудан әкімі Қ.Жолдыбай, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Е.Жұманов және бір топ ардагерлер орталық саябақтағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып қойылған мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Шара барысында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлеріміздің рухына құрмет көрсетіліп, бір минут үнсіздік жарияланды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.