ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Құдайберген Ержан Шардара ауданына келіп, Қызылқұм және Алатау батыр ауылының тұрғындарымен кездесті.

Тұрғындар тарапынан  ауыз су сапасын арттыру, газдандыру, ағын су тарифінің қымбаттауы, каналдарды бетондау жұмыстары мен егінге қажетті тыңайтқыштарға тапсырыс беру бағдарламасын оңтайландыру бойынша сауалдар қойылып, бірқатар ұсыныстар айтылды.

Мәжіліс депутаты тұрғындардың сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, күн тәртібінде тұрған мәселелерді жазбаша түрде жолдауларын сұрады. Қ.Ержан бұл сауалдарды Үкіметке жолдап, орындалуына ықпал жасайтындығын айтты.

«Өскен өңір» – ақпарат.