Апта басында аудан әкімі Қайрат Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.
Қабылдауда қала тұрғыны Князбек Күнжігітов, Ұзын ата ауылының тұрғыны Әбубәкір Нұрпейісов, Қызылқұм ауылының тұрғыны Жұлдызай Мырзалиева және қала тұрғыны Рысдаулет Исаев сынды бірқатар азаматтар болып, аудан әкіміне талап-тілектерін жеткізді.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар тарапынан көшеге асфальт төсеу, сайлау учаскесі мен аурухана мәселесі, тұрғын үй мәселесі және егістік жер мәселесіне қатысты сауалдар қойылды.
Аудан басшысы тұрғындардың өтініштерін жеке-жеке тыңдап, заң аясында жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ететіндігін атап өтті.
Р.ПЕРДЕБЕК.