Жуырда «Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала әкімі Бекет Ережеп Құдайбергенұлы қала тұрғындарының арыз-өтініштері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға жазылған тұрғындар қала тазалығы, ауыз су, жол жөндеу, газ тарту, кәсіпкерлік ашу, баспанамен қамту және өзге де жағдайлар туралы мәселелер көтерді.

Қала әкімі қоғамдық қабылдауға келген барша азаматтардың мәселелерін мұқият тыңдап, оларға тиісті жауаптар берді.

Өз тілшімізден.