Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Еліңді құрметтеу, туған өлкенің тарихын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады»-деп атап көрсеткен болатын.
Елдің болашағы үшін барын салып, аянбай еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсетіп, оларды ұлықтау – бүгінгі ұрпақтың борышы.
Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің ұйымдастыруымен әртүрлі салада қызмет еткен 30-дан астам ардагерлер түрленіп келе жатқан Түркістан қаласын тамашалады.
Ардагерлерді аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев шығарып салып, киелі шаһарға аман-есен барып қайтуларын тіледі.
Қариялар ең алғашқы зияратын Арыстанбаб кесенесінен бастап, Отырар қалашығын, Керуен сарайын, Яссауи кесенесін, Фараби кітапханасын, Алатау медиа орталығын, облыс әкімдігін, Конгресс холл және басқа да Түркістан шаһарынан жаңадан бой көтерген нысандарды аралады.
Ардагерлеріміз түрленіп, түлеген Түркістан қаласының бүгінгі келбетін таңдана да тамсана тамашалады. Сондай-ақ, саяхаттан аудан ардагерлері рухани серпіліп қайтты.
Р.Пердебек.