Аптаның алғашқы күнінде аудан әкімі Қайрат Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауда Гүлай Асылбекова, Жәмила Қарсыбай, Оразгүл Иулдашева, Гүлжахан Шерматова және Жанар Мұстафаева, Гүлнар Кантакова, Наргиза Оразбек сынды бірқатар аудан тұрғындары болды.

Жеке қабылдау барысында, тұрғындар тарапынан телефон сымын қайта орнату, А.Қастеев көшесін асфальттау, ішкі газ жүйесін жүргізу кезіндегі кемшілікті түзеу, тұрғын үй кезегіне тұру, жер дауы, ауыз су төлемақысы, әлеуметтік көмек алу, тұрғын үй құжатын рәсімдеу бойынша бірқатар мәселелер көтерілді.

Аудан әкімі қозғалған мәселелерге заңды түрде жауап беріп, тиісті мекемелерге тапсырмалар берді.

«Өскен өңір» – ақпарат.