Сейсенбі күні ауданымыздың 1-10 сынып оқушылары "Біркөлік" демалыс орнына 10 күндік жазғы лагерьге аттанды.

Атап айтқанда, аз қамтамасыз етілген, көпбалалы және әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан 200 оқушы демалысқа жолдама алды.

Ағымдағы жылы жазғы лагерьге дәл осындай әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардан бас-аяғы аудандағы 30 мектептен 1000 оқушы барады. Аудандық ішкі істер бөлімінен екі қызметкер бөлініп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, демалыс орнына дейін аман-есен жеткізу жүктелді.

Оқушылардың жазғы демалысы мемлекет қаржысы есебінен төленуде.

Оқушыларды жазғы лагерьге шығарып салуға арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев оқушыларға пайдалы да, сәтті демалыс тілеп, барынша қауіпсіздікті сақтай отырып, үлгілі оқушы болып жүрулерін атап өтті.

 Р.ПЕРДЕБЕК.