Маусым айының 26-30 күндерi аралығында Алматы қаласында найза лақтырудан 2006-2007 жылы туылған жасөспiрiмдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өттi.
Дүбiрлi додада бiздiң жерлестерiмiз облыс намысын қорғады.
Елiмiздiң әр өңiрiнен жолдама ұтып келген кiл мықты спортшылар қатысқан чемпионатқа облысымыздың намысын қорғап барған спортшыларымыз 2 алтын, 1 күмiс алқаны қанжығаларына байлады.
Атап айтар болсақ, 2006-2007 жылы туылған жасөспiрiм ұлдар арасында Нұрдәулет Маман қарсыластарынан басым түсiп, алтын алқаны иелендi. Ал жасөспiрiм қыздар арасында Әйгерiм Манасбай алтын алқаны иеленсе, Гүлнұр Орынбасар күмiс алқаны қанағат тұтты.
Жүлделi орындарға ие болған спортшыларымыз бен жаттықтырушылар – Ералхан Сламидинов, Санжар Хасан, Ерұлан Көбеновтердi жетiстiктерiмен құттықтай келе, алдағы үлкен жарыстарда жеңiс тұғырынан көрiнулерiн тiлеймiз.
«Өскен өңiр» – ақпарат.