Мемлекет тарапынан «Өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасының» Тұрғын үй қорын жаңғырту саласына сәйкес, 2014, 2017, 2019 жылдары аталған бағдарлама аясында Шардара қаласындағы 23 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi.
Ал «Өңiрлердi дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы» Тұрғын үй қорын жаңғырту тетiгi бойынша, 2021 жылы Шардара қаласындағы 17 бiрлiк көпқабатты тұрғын үйлердi күрделi жөндеуден өткiзу үшiн жергiлiктi бюджеттен қаржы қаралып, қазiргi таңда құрылыс жұмыстары басталған.
Күрделi жөндеу бойынша үйдiң шатырын ауыстыру, сыртқы және iшкi қасбеттерiн әрлеу, кiреберiс есiктерiн және подъез терезелерiн ауыстыру, суағарлар орнату, инженерлiк-коммуникация (ауыз су және канализация) жүйелерiн ауыстыру жұмыстары қарастырылған.
Шардара қаласында 75 көпқабатты тұрғын үй орналасқан. Оның iшiнде 4 қабатты тұрғын үй саны 22 бiрлiк, 2 қабатты тұрғын үй саны 53 бiрлiктi құрайды. Сондай-ақ, көпқабатты тұрғын үйлердiң 67 бiрлiгi кондоминиум нысаны ретiнде тiркелген. Аталған бағдарлама бойынша тұрғын үйлердi қайта жаңғырту жұмыстары кезең-кезеңiмен жүзеге асатын болады.
“Өскен өңiр” – ақпарат.