Шiлде айының 2-5 күндерi аралығында Литва елiнiң Каунас қаласында гiр көтеру Әлем чемпионаты болып өттi.
Әлемнiң кiл мықтылары жиналған чемпионатта елiмiздiң намысын қорғаған спортшыларымыз 3 күмiс, 2 қола алқаны қанжығаларына байлады.
Кешегi аптада Шардара аудандық мәслихатының хатшысы А.Қарсыбаев спортшыларымызды құрметпен қарсы алып, жеңiмпаздарды аудандық мәслихат хатшысының Алғыс хаттарымен және естелiк сыйлықтармен марапаттады.
Жүлделi орындардан көрiнген спортшыларымызды және жаттықтырушыларды жеңiстерiмен құттықтай келе, алдағы үлкен жарыстарда жеңiс тұғырынан көрiнулерiн тiлеймiз.
Өз тiлшiмiзден.