Шардара қалалық қоғамдық кеңесiнiң кезектi жиыны болды. Онда қоғамдық кеңес төрағасы Жаңабай Жамантай қалада азық-түлiктiң қымбаттауы, жазғы маусымда адамдардың суға кетуiнiң алдын алу, қаладағы тазалық жұмыстары және ауданның Құрметтi азаматтығына ұсыныс берiлгендердi зерделеуден өткiзу бойынша айтып, қоғамдық кеңес мүшелерiне қаладағы қандай бiр жағдай болмасын одан сырт қалмауды атап өттi.
Қоғамдық Кеңес мүшелерi Е.Сариев, Ж.Биту, Е.Қақановтар өз аймақтарында атқарылып жатқан жұмыстарды айтып өттi.
Бұдан соң қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Ж.Жаңабай еңбек ардагерi Төлбасы Бектасовқа республикалық “Ынтымақ жолы” қоғамдық қорының “Еселi еңбегi үшiн - Құрметтi азамат” медалiн тапсырды. Ол бұл марапатқа Қазақстан Республикасына қосқан еселi еңбегi үшiн ие болды.
Жиында басқа да қалада күрделi болып тұрған мәселелер сөз болып, олардың оңды шешiлуiне қоғамдық кеңес мүшелерiнiң үлес қосуы жөнiнде айтылды.
Өз тiлшiмiзден.