Апта барысында аудан әкiмi Қ.Жолдыбай Достық, Ақшеңгелдi, Сүткент және Қызылқұм ауылдық округтерiнде болып, шаруалар мен кәсiпкерлердiң жай-күйiмен танысты.
Қ.Жолдыбайұлы ең алдымен Достық ауылына барып, жаңадан ашылған «Көзайым» наубайханасының жұмысымен танысты. Наубайхана иесi, жеке кәсiпкер Бекжан Халбеков күнiне 1500 дана нан шығарып, 80 теңгеден Ақалтын, Достық, Егiзқұм ауылдарын нанмен қамтамасыз етiп отырғанын айтты. Бұдан бөлек сүттi ешкi басын көбейтудi қолға алып жатқанын жеткiздi. Аудан басшысы мемлекет тарапынан қазiргi кезде шағын және орта бизнестi көтеру бойынша көптеген бағдарламалар қолға алынып, кәсiпкерлерге әрқашан қолдау көрсетiлетiндiгiн атап өттi.
Сондай-ақ, аудан басшысы «Достық ауылдық округiнiң әкiмi аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң ғимаратындағы күрделi жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл құрылыс жұмыстары сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында жасалынған «Open Space» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып, әкiмдер мен әкiмдiк қызметкерлерi төменгi қабатқа көшiрiлiп, ашық түрде халыққа қызмет көрсететiн болады.
Сонымен қатар, Ақалтын ауылындағы жаңадан қазылып жатқан ауыз су ұңғымасының құрылысымен танысып, жауапты тараптармен тұрғындарды жүйелi түрде сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерiн талқылады. Аудан басшысы кезектi Қызылқұм ауылында болып, ұзындығы 1,292 шақырымды құрайтын iшкi ағын су латоктарымен танысты. Одан кейiн қызанақ жылыжайына барып, өнiмдiлiктi арттыру бойынша сөз қозғады. Сондай-ақ, әр ауылдық округтегi жергiлiктi тұрғындарымен кездесiп, мәселелерiн тыңдады.
Кездесу барысында ағын су мәселесi, су құбырын жөндеу, жедел жәрдем көлiгiн жаңарту, ортақ мал жайылым жерi, көшелерге тас төсеу, батыс қашыртқы каналын қазу, бiлiм және медицина саласы, игерiлмей жатқан жерлердi қайтару, ауыз су, мәдениет үйiн күрделi жөндеу, iшкi ағын су жүйесiн реттеу, балабақша алдына тегiстiк емес (лежащий полиция) қою және басқа да әлеуметтiк сауалдар көтерiлдi.
Аудан әкiмi тұрғындардың өзектi сауалдарына жауап берiп, мәселелер кезең-кезеңiмен заңды түрде шешiлетiнiн айтты. Бұдан бөлек тұрғындарға пандемияға байланысты санитарлық талаптарды сақтауларын атап өттi.
Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.