Батыстағы ағайынның малы жұтқа ұшырап жатқандығын естiген Қоссейiт ауылының белсендi азаматтары да қарап қала алмады. Олар қиналған жандарға көмек көрсету мақсатында ел iшiнде үгiт-насихат жүргiзiп, көпшiлiктi игi iстерге жұмылдыра бiлдi. Нәтижесiнде, ауыл азаматтары 800 дана бума шөп жинап, батысқа аттандырды.
Ауыл тұрғындары осы iстiң басы-қасында жүрген Сансызбай Жүсiпов, Марат Шынтаев, Жалғас Темiров, Данияр Рамашовтардың жақсы iстерге ұйытқы болғандарына дән риза.
– Елдiң басына қиындық түскенде қол ұшын созу адами мiндетiмiз әрi парызымыз,-дейдi қоссейiттiк белсендi жастар.
Рүстем Ерғалиұлы.